Мұстафа Шоқайды насихаттаған қауымдастық президенті дүниеден озды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LH4RljF0ryfHYWHxb40mrss2INT9gp5oJo3PjLt4.jpg

Мұстафа Шоқай атындағы Француз–Қазақ достық қауымдастығының президенті Яшар Динч өмірден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қаралы хабарды Әбдіуақап Қара желідегі парақшасында хабарлады. 

Яшар Динч көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайды Франция жұртшылығына таныту жолында орасан зор еңбек сіңірген. Ол 2006 жылдан бастап 20 жыл бойы қауымдастық аясында Шоқайдың мұрасын насихаттауға үлес қосты.

Оның жетекшілігімен 2007 жылы Ножан-сюр-Марн қаласындағы жергілікті музейде Мұстафа Шоқайға арнайы орын ашылды, ал 2010 жылы Парижде Мұстафа Шоқай атындағы саябақ іске қосылды. Осы саябақ арқылы ұлы тұлғаның есімі Париж қаласының картасына енді.

Куәгерлердің айтуынша, Яшар Динч тек ұйымдастырушы ғана емес, көшбасшы ретінде саябаққа келетін қонақтарды қарсы алып, оның тазалығын қамтамасыз етіп отырған. Сондай-ақ, ол Шоқайды таныту мақсатында күнтізбелер мен естелік бұйымдарды шығартып, ұлы тұлғаның бейнесін кеңінен насихаттаған.

댓글
기타 기사