Дәмханадағы жарылыс. Қаза тапқандардың отбасына қаржы беріледі

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9xlyYuB6lHDg9wHPrPx15BuUWNAtOhmmNTWa57B0.webp

Бурабайдағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына 2 миллион теңге беріледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов Щучинскідегі мейрамханада болған жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына біржолғы 2 миллион теңге, ал зардап шеккендерге 1 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетілетінін хабарлады.

Әкімнің айтуынша, жағдай дереу бақылауға алынған және оқиға орнына жедел штаб құрылған. Сонымен қатар, әкімдік жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға байланысты барлық шығынды өз мойнына алған.

Айта кетейік, мейрамханадағы жарылыстан жалпы 28 адам зардап шеккен, олардың 13-і ауруханаға жатқызылса, 8 адам медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген. Ал апаттан жеті адам қаза тапты.

댓글
기타 기사