Алматыда 13 тонна кокаин транзиті бойынша сот процесі басталды

75
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Алматыда 13 тоннадан астам кокаиннің рекордтық партиясын транзиттеу ісі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі tengrinews.kz-сілтеме жасап.

Сотталушылар қатарында шетел азаматтары бар. Оларға өмір бойына түрме жазасы берілуі мүмкін. Іс алқабилердің қатысуымен қаралып жатыр.

Оларға аса ірі көлемде есірткі тасымалдау және контрабанда жасау бойынша айып тағылған. Бір бап бойынша 7–12 жылға, ал екіншісі бойынша 15–20 жылға немесе өмір бойына түрме жазасы берілуі мүмкін.

Сот Алматы қаласындағы қылмыстық істерге арналған мамандандырылған аралық аудандық сотта өтіп жатыр. 

Рекордтық кокаин партиясы туралы ҰҚК 2025 жылғы қыркүйекте хабарлаған. Тергеу деректеріне сәйкес, есірткі жүгі Қазақстан арқылы үшінші елдерге транзитпен жеткізілмек болған.

Алайда жүктің нақты қай елден шыққаны ресми түрде жарияланбаған. Кокаиннің жалпы салмағы 13 тонна 183 килограмм болған. Бұл –  республика тарихындағы ең ірі бір реттік партия.

Алдын ала есеп бойынша, тәркіленген кокаиннің қара нарықтағы құны шамамен 2 триллион 197 миллиард теңгеден асады. Сот процесі жалғасуда.

댓글
기타 기사