АҚШ елшісі Қазақстандағы саяси реформаларды жоғары бағалады

184
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W5HIqpBJHqdsBU1s22fCpzI1HOVbrCfzKytGo1Id.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты күн тәртібінің ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, делінген 2026 жылғы 13 ақпандағы Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді сапалы іске асырудың маңызына назар аударды.

Елші Президент Дональд Трамптың ризашылығы мен ізгі тілегін жеткізіп, Құрама Штаттардың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін айтты.

Джули Стаффт елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға оң баға беріп, жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумның табысты өтуіне тілектестігін білдірді.

Әңгімелесу барысында Бейбітшілік кеңесі аясындағы қарым-қатынас перспективасы қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған құрылым тұрақтылықты нығайтуға, бейбітшілік пен халықаралық диалогты ілгерілетуге арналған тиімді алаңға айналуы қажет деп санайды.

댓글
기타 기사