Әділет министрлігі 3 млн астам құжатты жариялады

237
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6gma5JAQrcGpRaYgW65Q4fBjX3pARDil5Iy1YigI.jpg

АҚШ әділет министрлігі педофилия үшін сотталған Джеффри Эпштейн мен Гислейн Максвелл ісіне қатысты 3 миллионнан астам қосымша құжатты жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы АҚШ Бас прокурорының орынбасары Тодд Бланш мәлімдеді.

Құжаттар президент Дональд Трамптың 2025 жылы 19 қарашасында қол қойған заңына сәйкес жарияланды. Бланштың айтуынша, бұл 3 миллион бетке 2 мыңнан астам бейнежазба мен 180 мың сурет кірген. Олардың кейбірі Эпштейн немесе оған жақын адамдар түсірген материалдар, ал басым бөлігі оның құрылғыларынан тәркіленген коммерциялық порнографиядан тұрады.

Жұмысқа Нью-Йорктің үш округі мен Флоридадағы әділет министрлігі, ФТБ және АҚШ прокуратурасының бөлімшелерінен 500-ден астам заңгер мен маман жұмылдырылып, құжаттарды жариялау үшін 75 күн жұмыс істеді. Қызметкерлер мерекелік күндерде де еңбек етті.

Бастапқыда жиналған материалдар көлемі 6 миллион беттен асқан. Көп деңгейлі тексерістен кейін олардың 3 миллионнан астамы ғана жарияланды. Жеке деректер мен медициналық жазбалар, балаларға қатысты зорлық-зомбылық көріністері және тергеуге зиян келтіруі мүмкін материалдар жарияланбаған.

Жәбірленушілерді қорғау мақсатында Гислейн Максвеллден басқа әйелдердің фотосуреттері мен бейнелері өңделді. Ер адамдардың суреттері тек әйелдерді жасыру үшін өңделген. Сонымен қатар, әділет министрлігі жәбірленушілерге пікірлер мен сұрақтар қоюға арналған арнайы электрондық пошта мекенжайын ашты.

댓글
기타 기사