Көзбояушылық. Ресейде жасалады деген МиГ-41 әскери ұшағына берілген баға

235
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5Z7V7hwKGReVr1lJ5olKUq1JTicqGtQacdPRaDrt.jpg

Ресейде жасалуы мүмкін деп айтылып жүрген МиГ-41 әскери ұшағы ресми сипаттамалар бойынша америкалық алтыншы буын жойғышы –  F-47 моделінен де жоғары көрсеткішке ие болуы ықтимал. Алайда сарапшылар бұл жоба әзірге тек көзбояушылық болуы мүмкін екенін айтады. Бұл туралы америкалық 19FortyFive журналына шолу жасаған сарапшы Харрисон Касс жазғанын «Адырна» хабарлайды.

Шолушының мәліметінше, ресми деректерде МиГ-41 МиГ-31 ұшағының жаңа буындағы жалғасы ретінде сипатталады. Жоба бойынша ұшақ:

  • 4–5 Мах жылдамдыққа жетуі мүмкін;
  • ғарышқа жақын биіктікте ұша алады;
  • гипердыбыстық зымырандарды ұстап қалуға бейімделуі ықтимал.

Сарапшы бұл тұжырымдама Ресейдің аумақтық және географиялық ерекшеліктеріне сәйкес келетінін атап өтеді. Дегенмен, қазіргі жағдайда МиГ-41 нақты өндірістік жобаға қарағанда стратегиялық мәлімдеме немесе технологиялық ниетті білдіретін сигналға көбірек ұқсайды.

Автордың пікірінше, жобаның іске асуына кедергі болатын негізгі мәселе  аса жоғары жүктемеде жұмыс істейтін жаңа буын қозғалтқышын жасау. Мұндай технологияны әзірлеуге ондаған жыл қажет болуы мүмкін.

Қорытындысында сарапшы МиГ-41 жақын уақытта дайын әскери ұшақ ретінде пайда болады деу қиын екенін айтады. Ол бұл жобаны Ресейдің болашаққа арналған технологиялық мақсаты ретінде бағалап, әзірге тым байыпты қабылдамауға шақырады.

댓글
기타 기사