Әскери кеңес төрағасының орынбасарын тергеу басталды

161
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FLRXO087Y9Vpz4jrgyRRodXUMa81QwCiZ5gLMf3G.webp

Қытай Халық Республикасының билігі Коммунистік партияның Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары Чжан Юсяға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Report агенттігінің ақпаратына сәйкес, «тәртіп пен заңды өрескел бұзды» деген айыптар ОӘК Біріккен штабының бастығы, генерал Лю Чжэньлиге де тағылған.

Орталық әскери кеңес — Қытайдың ең жоғары әскери органы. Ол Қытай Коммунистік партиясының басшылығымен жұмыс істейді. Кеңес құрамына төраға, төрағаның орынбасарлары және кеңес мүшелері кіреді.

댓글
기타 기사