Тоқаев Қазақстанның келешек даму бағдары туралы айтады

282
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FxLqNaMrQpt4cMwwmY9SV93w3Ty7iXPrlkw5Tn49.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қаңтарда өтетін Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйлейді. Бұл жөнінде президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сыр бойындағы жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады»,- деп жазды ол.

Еске салайық, мемлекет басшысы 2022 жылдың маусым айында Ұлттық құрылтай құру туралы шешім қабылдаған еді. Президент жанындағы бұл консультативтік-кеңесші органның негізгі мақсаты – елдің даму бағытын айқындайтын өзекті мәселелерді талқылау.

Бұған дейін құрылтайдың алғашқы төрт отырысы Ұлытау, Түркістан, Атырау және Бурабайда өткен.

Ұлттық құрылтайдың бастамасымен бірқатар маңызды заңнамалық бастамалар қабылданған. Олардың қатарында әйелдердің құқықтарын нығайтуға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдар, вейптер саудасына тыйым салу, сондай-ақ мемлекеттік наградалар мен ономастикаға қатысты заңдар бар.

Сарапшылар Қызылордадағы құрылтайда заң шығарушы органга қатысты жалпыұлттық референдум өтетін күн жарияланады деп болжап отыр.

댓글
기타 기사