Талғат Ғазизов жаңа қызметке тағайындалды

59
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0mqPv1twfHLfzvr5FbJ43bXAaRVtL0PjMexDdCUA.jpg

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып Талғат Ғазизов тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Жаңа қызметіне байланысты пікір білдірген Талғат Ғазизов бұл тағайындауды кәсіби жолындағы жаңа кезең әрі үлкен жауапкершілік ретінде бағалады.

Оның айтуынша, туризм саласын дамыту, Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ ел экономикасы мен ұлттық брендін жаһандық деңгейде ілгерілету үшін әлеует зор.

«Адырна» ұлттық порталы Талғат Ғазизовты жаңа қызметімен құттықтап, ел туризмін дамыту жолындағы жұмысына сәттілік тілейді!

댓글
기타 기사