"Жаңа тапсырмалар түскен жоқ". Жоғалған отбасының балаларын іздеу аяқталғаны хабарланды

234
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wDr4O87MqxTQfl3YWjGZOASLIWg2WDGVvg5jfDHK.webp

Жангелдин ауылында Наурыз бен Мирамгүлді іздеуге бағытталған іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Департаменттің мәліметінше, іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық полиция департаментінің ресми сұрауы бойынша құтқару бөлімшелері тартылып, елді мекен аумағы толық тексерілген.

«Полиция белгілеген барлық аумақ толық қаралды. Қазіргі уақытта полиция департаментінен іздестіруді жалғастыруға қатысты жаңа тапсырмалар немесе бағыттамалар түскен жоқ», – деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасының жоғалғаны туралы арыз түскен. 6 қаңтарда ерлі-зайыптының мәйіті табылған.

Ал 8 қаңтар күні марқұм ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

댓글
기타 기사