«БҰҰ-ның 6 ресми тілін толық меңгергім келеді». Он тілде еркін сөйлейтін оқушы

222
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JxdCa0fRMmfCcD74Gz2LAqclsNdU9tx4TKlLR9ep.jpg

11 сынып оқушысы Әсел Абдурахимова 10 тілде еркін сөйлейді. Кішкентайынан әлем тілдерін меңгеруге қызығушылық танытқан Әсел орыс, француз, ағылшын, қытай тілдерін әуелі өз бетінше интернеттен ізденіп, үйренген. 

Кейін арнайы тіл курстарына қатысып, испан, өзбек, итальян және жапон тілдерін меңгереді. Әлем елдерінің мәдениеті мен тіліне қызыққан Әсел бірінші сыныпта әлем елдерінің астаналарын жатқа айтатын болды, үшінші сыныптан бастап француз тілін үйрене бастайды. 

Бүгінде Әсел тәжік (ана тілі), өзбек (C1), қазақ (C1), орыс (C1), ағылшын (C2), француз (C1), қытай (B1), испан (A2), итальян (A2) және жапон (N4) тілдерінде еркін сөйлейді. Қытай тілі бойынша халықаралық HSK 3 деңгейі (B1) емтиханын тапсыруға дайындалып жүр. 

 «Мен жиһанкез болуды, аралаған әр елдегі адамдармен өз тілінде еркін сөйлесуді армандаймын. Әр тіл жаңа мәдениетке жол ашатын кілт іспеттес. Бұнымен тоқтап қалмаймын, алдағы уақытта араб тіліне ден қойып, БҰҰ-ның алты ресми тілін толық меңгергім келеді», - дейді жас полиглот Әсел.

댓글
기타 기사