2026 жылы 11 мың шақырымнан аса жол салынады және жөнделеді. Бұл туралы ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
2026 жылы құрылыс пен реконструкциялау бойынша негізгі жобалардың қатарында Ұлытау облысы аумағындағы ұзындығы 208 шақырым болатын Қызылорда – Жезқазған автожолындағы жұмыстарды жалғастыру, жалпы ұзындығы 896 шақырымды құрайтын "Орталық – Батыс" жобасын жүзеге асыру, сондай-ақ 232 шақырымды құрайтын Ақтөбе – Ұлғайсын, 572 шақырымдық Қарағанды – Жезқазған және өзге де бағыттар бойынша жобалар бар.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Үлкен жобалардың бір сыпырасы: Ақтөбе – Ұлғайсын, Қарағанды – Жезқазған, Бейнеу – Сексеуіл және өте маңызды басты жоба – "Орталық-Батыс".
Министр барлық жоспарланған іс-шаралар мен қажетті техникалық-экономикалық негіздемелер алынды, жұмыстар штаттық режимде жүргізілуде, қажетті қаржы көзделгенін жеткізді.