Теміртауда шыршаны өртеген ер адам қамауға алынды

430
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dOprExHV6Vp6as50rZQjGz23HLjNGpMdIUJ0nrKI.webp

Теміртауда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде жаңа жылдық шыршаны өртеген ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна".

Оқиға қаланың көпқабатты үйлерінің бірінде болған. Кадрлардан кіреберісте безендірілген шыршаның лап етіп жанғанын көруге болады. Өрт дер кезінде сөндіріліп, ешкім зардап шеккен жоқ. Тәртіп бұзған адам сол үйдің 33 жастағы тұрғыны болып шықты.

Оның әрекеті бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру ретінде бағаланды. Әкімшілік іс Теміртау қалалық сотына жолданып, сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

댓글
기타 기사