Мәскеуде екі күнде екі жарылыс. Бұл жолы полицейлер қаза тапты

479
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wsmHtYIzvwHVwQFtrdVBmIgj7awuagqslUym0iRH.jpg

24 желтоқсанға қараған түні Мәскеудің оңтүстігінде жарылыс болып, салдарынан жол-патрульдік қызметтің екі қызметкері және тағы бір адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Тергеу комитетінің мәліметінше, полицейлер қызметтік көлік маңында күдікті ер адамды байқап, оны ұстауға әрекеттенген. Осы сәтте жарылғыш зат іске қосылған. Қаза тапқандардың үшіншісі — диверсия жасау мақсатында Иваново облысынан Мәскеуге арнайы келген күдікті. БАҚ дерегінше, ол алаяқтардың ықпалымен «тыңшылық операциясына» қатысуға мәжбүр болған.

Мәскеу қаласының мемлекеттік автоинспекциясы қаза тапқандардың 24 жастағы полиция лейтенанты Илья Климанов пен 25 жастағы полиция лейтенанты Максим Горбунов екенін жеткізді. mk.ru басылымының жазуынша, олар Подмосковьедегі бір елді мекенде тұрған және бала кезінен дос болған. Горбуновтың артында жұбайы мен тоғыз айлық қызы қалды. Ведомство марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Бұған дейін осы ауданда генерал-лейтенант Фанил Сарваровтың автокөлігі жарылған болатын. 23 желтоқсанда дәл осы жерден бірнеше жүз метр қашықтықта Ресей Бас штабының генерал-лейтенанты Фанил Сарваров қаза таптқан. Оның көлігінің астына қойылған бомба жарылған.

 

댓글
기타 기사