2026 жылдан жаңалық. Айыппұл ауырлайды

121
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8Fjd5ebzx10HeXFuu9lX9yw19xtmOeEz159isVox.jpg

2026 жылы Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 325 теңге болып бекітіледі. Осыған байланысты автокөлік жүргізушілеріне қатысты бірқатар айыппұл көлемі де өседі, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Автокөлікті міндетті сақтандырусыз басқарған жүргізушіге 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл 43 250 теңгені құрайды.

Жол қозғалысы ережесін бұзғандарға қолданылатын айыппұлдар:

Белгіленген жылдамдықты 10–20 км/сағ-қа асырғаны үшін5 АЕК (21 625 теңге);

Жылдамдықты 20-40 км/сағ асырғаны үшін 10 АЕК – 43 250 теңге;

Жылдамдықты 40 км/сағ асырғанда 20 АЕК – 86 500 теңге.

Аталған құқықбұзушылықтар бір жыл ішінде қайта жасалса, 30 АЕК мөлшерінде, яғни 129 750 теңге айыппұл салынады.

Жүргізуші куәлігі жоқ күйде көлік басқарғандарға20 АЕК (86 500 теңге) айыппұл қарастырылған. Ал көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның рөлге отыруы 50 АЕК (216 250 теңге) айыппұл салуға немесе 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкелуі мүмкін.

Жол белгілерінде көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін3 АЕК, яғни 12 975 теңгеайыппұл белгіленген.

Жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен жағдайда 10 АЕК немесе 43 250 теңге айыппұл арқалайды. Құқықбұзушылық қайталанса, айыппұл мөлшері 15 АЕК немесе 64 875 теңгеге дейін артады.

Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге арналған жолмен, жол жиегімен немесе тротуармен көлік жүргізгендерге 15 АЕК (64 875 теңге) айыппұл салу көзделген.

댓글
기타 기사