Украина мен Ресей қақтығысы. АҚШ-та бейбітшілік жоспарын талқылады

119
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6rYvWqFRcr5sifdwOsEJiWo1tw2VYm1cqgMgukJz.jpg

АҚШ-та Украина мен АҚШ делегациялары арасындағы бейбітшілік келісімін әзірлеу жөніндегі келіссөздер өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров хабарлады. Ол келіссөз нәтижесін Президент Владимир Зеленскийге баяндаған.

АҚШ-тың НАТО-дағы тұрақты өкілі Мэтт Уитакердің айтуынша, процесс соңғы кезеңге жетіп, негізгі мәселелерді шешу үшін тараптардың барлығы белсенді жұмыс істеуі тиіс. Оның пікірінше, бейбітшілік келісіміне қол жеткізуге болады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың мәліметінше, Ресей мен Украина осы аптада немесе қаңтар айында ымыраға келуі мүмкін. Соғысты аяқтау бойынша жұмыс тәулік бойы жалғасып жатыр.

Ресей президентінің арнайы уәкілі Кирилл Дмитриев АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және кеңесші Джаред Кушнермен кездесу үшін Майамиге ұшып барған. 

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Украина қатысатын үшжақты кездесу әзірге жоспарланбаған, ал келіссөздер екі күнге созылады.

댓글
기타 기사