"Кепілдік қажет емес". Ресей өтпеген көліктерін Таяу Шығысқа жөнелтті

257
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FL2q7YQ8tjr1ofNL9nKuPb75TDPbVm8D6uBhno3H.jpg

«АвтоВАЗ» Ресейде сатылмаған Lada автокөліктерін Иран мен Йеменге жібере бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресейдің БАҚ хабарлауынша, «АвтоВАЗ» компаниясы сатылмаған Lada автокөліктерін шетел нарығына шығара бастады. Ең алдымен олар Иран мен Йеменге жөнелтілген, онда сұраныс Ресеймен салыстырғанда шамамен 50% жоғары.

Соңғы күндері «АвтоВАЗ» екі жаңа дилерлік орталық ашқан. Алғашқысы Йеменнің астанасы Санада болса, екіншісі Тегеранде ашылады деп жоспарлануда.

Йеменде салонына Niva, Vesta және Granta модельдері жеткізілді, бірінші партия шамамен 50 автокөліктен тұрады.

Шетелдегі толыққанды сатылым 2026 жылдың басында басталады деп жоспарлануда.

댓글
기타 기사