"Қыз Жібек" 55 жасқа толды

226
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/v6YiEVLP0baNv7wym77by6DctwiIp4kpS2aej6pq.jpg

Биыл қазақ кино өнерінің алтын қорына енген әйгілі «Қыз Жібек» көркем фильмінің экранға шыққанына 55 жыл толды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

1970 жылы режиссер Сұлтан Қожықов түсірген бұл туынды қазақ ұлттық кинематографиясындағы ең көрнекті шығармалардың бірі саналады.

Фильм қазақ халық эпосы негізінде түсіріліп, бір-бірімен жауласқан рулар арасындағы қайшылық аясында өрбіген Төлеген мен Жібектің трагедиялық махаббатын суреттейді. Кинотуынды көрерменнің зор ықыласына ие болып, нағыз халықтық фильмге айналды. «Қыз Жібек» әлемнің 70-тен астам елінде көрсетіліп, қазақ мәдениетін халықаралық деңгейде танытты.

Басты рөлдерді сол кезде небәрі 17 жастағы актерлер Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова сомдады. Ал Бекежан бейнесін Асанәлі Әшімов орындады. Фильмнің сценарийін Ғабит Мүсірепов жазса, музыкасын Нұрғиса Тілендиев, ән мәтіндерін Қадыр Мырза Әлі жазған.

Кинотуынды Жаркент өңірінде түсіріліп, 1970 жылы Алматы қаласындағы «Целинный» кинотеатрында алғаш рет көрерменге жол тартты. Ал 1971 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық тұсаукесерден кейін фильм кеңінен танымал болды.

«Қыз Жібек» үшін режиссер Сұлтан Қожықов, сценарий авторы Ғабит Мүсірепов және басты рөлдегі актерлер 1972 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

댓글
기타 기사