«Адырна» ұлттық порталының YouTube арнасына «Желтоқсан» қоғамдық қорының президенті Құрманғазы Рахмет қонақ болып, сұхбат берді.
Әңгіме барысында желтоқсаншы ел тарихындағы аса маңызды әрі күрделі кезеңдерге тоқталып, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің мән-маңызын түсіндірді.
Тәуелсіздік қарсаңында жарияланған "Әділеттің ақ жолы" кітабында Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы кезінде "колоннаның алдында халықпен бірге кете барғанын" жазған еді. Бұл қаншалықты рас, Назарбаевқа сенуге бола ма?