SDU University Орталық Азияда IB-дің үш бағдарламасы бойынша толық аккредитация алған алғашқы ЖОО атанды

619
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/asKGvbG8LC6RtrV7nDnOovTkAWCfooFI7Ky0wA6e.jpg

SDU University Орталық Азияда алғаш болып International Baccalaureate (IB) бағдарламасының PYP, MYP және DP деңгейлері бойынша толық халықаралық аккредитациядан өтті. Осылайша университет Қазақстанда және ТМД кеңістігінде IB-дің үш бағдарламасы бойынша бірдей аккредитация алған алғашқы жоғары оқу орны мәртебесіне ие болды.

International Baccalaureate (IB) – халықаралық деңгейде мойындалған білім беру бағдарламасы. Аталған бағдарлама педагогика саласында болашақ мұғалімдерді заманауи стандарттарға сәйкес даярлауға бағытталған және әлемнің жетекші университеттері мен білім беру ұйымдары тарапынан кеңінен мойындалған.

1. Primary Years Programme (PYP) – бастауыш сыныптар үшін (3–12 жас).
2. Middle Years Programme (MYP) – орта мектеп үшін (11–16 жас).
3. Diploma Programme (DP) – жоғары сыныптар үшін (16–19 жас), университетке түсуге дайындыққа бағытталған.

IB бағдарламасының ерекшеліктері:
• Жаһандық көзқарасты қалыптастыру;
• Сын тұрғысынан ойлау және өздігінен оқуға үйрету;
• Жеке және әлеуметтік дамуды қолдау.



SDU University-де IB стандарттары бойынша мұғалімдер даярлау inquiry-based learning, зерттеушілік педагогика, қалыптастырушы бағалау және академиялық адалдық қағидаттарына негізделген. Бұл тәсіл оқыту процесінде ақпаратты жаттатуға емес, оқушының сыни ойлауын, аналитикалық талдауын, зерттеу мәдениетін және шығармашылық қабілетін дамытуға басымдық береді. Нәтижесінде, Қазақстандағы халықаралық және жеке мектептер үшін жоғары білікті педагогтер даярлауға мүмкіндік туды.

Бұл жетістік Қазақстанның халықаралық білім беру хабы ретінде қалыптасып келе жатқанын айқын көрсетіп, SDU University-дің аймақтық және жаһандық деңгейдегі академиялық беделін айтарлықтай нығайтты. Бүгінде әлем бойынша IB тарапынан ресми түрде IB университеті ретінде танылған небәрі 55 жоғары оқу орны бар. Олардың қатарында The University of Hong Kong, University of Toronto, University of Melbourne, University of South Carolina және University of Bath сияқты жетекші университеттер бар. SDU University осы элиталық тізімге еніп, халықаралық білім кеңістігіндегі орнын бекітті.

«Қазіргі таңда Қазақстанда 17 ресми авторизацияланған IB World School жұмыс істейді. SDU University-дің үш деңгей бойынша аккредитация алуы аталған мектептерге кадрлық қолдау көрсетіп, халықаралық педагогикалық қауымдастықтың дамуына жаңа серпін берді.
Сондай-ақ еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігінде халықаралық білім беру стандарттарын педагогика саласына енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта SDU University педагогикалық білім беруді халықаралық деңгейге көтеру жолында нақты қадамдар жасап келеді» - деді SDU University ректоры Әлімжан Игенбаев.



Айта кетейік, аталған маңызды жетістік аясында SDU University-ге ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ресми іссапармен арнайы келіп, дәріс оқыды.

댓글
기타 기사