Тоқаев Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыру қажеттігін айтты

223
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fNSZ2FnaSFgHInAacE9SCigdnz1Cf2Wx8MoZqRj7.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түркіменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты. Бұл туралы бүгін, 12 желтоқсанда Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Президент Түркіменстанның бейтарап саяси ұстанымы түрікмен халқының сан ғасырлық мәдени дәстүрімен және рухани құндылықтарымен үйлесетінін айтты.

«Түркімен классикалық әдебиетінің негізін қалаушы, Шығыстың көрнекті ойшылы Мақтымқұлы Пырағы: «Тыныштық болса ел өседі, әділдік болса сенім күшейеді» деген. Ұлы данышпанның дүниені терең таныған идеялары қазіргідей алмағайып халықаралық жағдайда да өте өзекті бола түскені сөзсіз»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол форумда Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыру қажет деп есептейтінін жеткізді.

«Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығы осы бағыттағы ынтымақтастықты үйлестіретін маңызды платформаға айналды. Тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуда Азиядағы өзара іс-қимыл сенім шаралары жөніндегі кеңес маңызды рөл атқарады. Бұл форум өзінің саяси тұрғыдан өзектілігін дәлелдеді. Осыған орай АӨСШК қызметіне, соның ішінде форумды толыққанды халықаралық институтқа айналдыруға қолдау көрсеткені үшін серіктестерімізге алғыс айтамыз»,– деді мемлекет басшысы.

댓글
기타 기사