Танымал бүркітші қыз тұрмысқа шықты

179
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BJ3YKaZpCD3LX1k58vH0vT5zZ7jbnESEqiInvG0j.jpg

Белгілі бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы тұрмысқа шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 Ол бұл туралы Instagram парақшасында жариялады.

Айшолпан әлеуметтік желіде тойдан кадрлармен бөлісіп, қуанышын оқырмандарымен бөлісті. Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қуанып, оған бақыт пен отбасы амандығын тілеп жатыр. 

Бүркітші қыз туралы режиссер Отто Белл «The Eagle Huntress» атты фильм түсірген. Фильм әлемнің 30-дан астам елінде, соның ішінде Лондон, Нью-Йорк, Дубай, Токио, Сидней және Францияда көрсетілген. Ал әлемге танылған Айшолпан Нұрғайыпқызы 2024 жылы отбасымен Қазақстанға көшіп келген еді. Ол Моңғолиядан Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылына қоныс аударған.

댓글
기타 기사