7,6 балл. Жойқын жер сілкінісі тіркелді – шығын жарияланбады

168
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/poGwPn07HycemWXKmCSYzWbs0qpOcOiyXcdKKQoF.webp

8 желтоқсан күні Жапонияның солтүстігінде магнитудасы 7,6-ға тең жерасты дүмпуі тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Зілзала ошағы Хонсю аралының солтүстігінен шығысқа қарай шамамен 80 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісі ең қатты сезілген аймақ – Аомори префектурасы. Қирандылар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Елдің метеорологиялық басқармасы шығыс және солтүстік-шығыс жағалауда биіктігі 3 метрге дейін жетуі мүмкін цунами қаупі барын ескертті. Аомори, Иватэ және Хоккайдо префектуралары қауіпті аймақтар қатарына енгізілді. Билік тұрғындарды жағалаудан жедел эвакуацияланып, биік аймақтарға көтерілуге шақырды.

 

댓글
기타 기사