Сатыбалдыдан қайтарылған «Байсат» қайта аукционға шығарылды

477
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WipjSBMJvqWLq3WQwqTXUphy9mdp5YICxuD8oKKr.jpg

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Қайрат Сатыбалдыдан мемлекетке өткен «Байсат» базарын қайтадан аукционға шығарды. Компанияның хабарлауынша, қайталама сауда-саттық sauda.e-qazyna.kz электрондық платформасында жарияланған, деп хабарлайды "Адырна".

Аукцион деректеріне сәйкес, сауда 26 желтоқсанда сағат 11:00-де өтеді. Лоттың бастапқы бағасы – 26 706 317 643 теңге.

Бұл базар биыл қыркүйек айында 28,6 млрд теңгеге саудаға шығарылған еді. Еске салайық, 2024 жылдың қаңтарында қылмыстық іс тергеуі барысында Қайрат Сатыбалды өзіне тиесілі «Байсат» базарының негізгі бөлігін мемлекетке ерікті түрде тапсырған.

Объект құрамына жалпы ауданы 4 221,4 шаршы метрді және 1,4 гектар жер телімін қамтитын үш жылжымайтын мүлік нысаны кіреді. Бұған дейін бұл мүлікке Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі «ҚазГерСтрой» бірлескен кәсіпорны» ЖШС және «Astana Finansial Group» ЖШС еншілес ұйымы иелік етіп келген.

Компания аукционнан түскен қаражаттың мемлекет кірісіне бағытталатынын хабарлады.

댓글
기타 기사