“Қанды қаңтар” оқиғасы. Тағы бірнеше адамға сот үкімі шықты

739
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Алматы қаласында Қаңтар 2022 оқиғасына қатысты жабық сот процесі қорытындыланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қалалық мамандандырылған ауданаралық сот 29 айыпталушыға үкім шығарды. 

Белгілі болғандай, сотталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің әртүрлі баптары бойынша, оның ішінде ұйымдасқан топқа қатысу, бандитизм, жаппай тәртіпсіздікке араласу, адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру, көлікті заңсыз басып алу, қару–жарақ, оқ-дәрі немесе жарылғыш заттарды заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау сияқты ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылды. 

Сот үкіміне сәйкес, айыпталушылар үш жылдан он сегіз жыл аралығында бас бостандығынан айырылды. 

Сот процестері жабық түрде өтіп, айыпталушылардың жеке басы туралы ақпарат сот қорғап отырған мемлекеттік және басқа да заңмен қорғалатын құпия мүдделеріне байланысты жарияланбады. 

Одан бұрын 2025 жылдың қаңтарында «Арман Жұмагелдиев» (Дикий Арман) және басқа негізгі ұйымдастырушыларға қарсы сот үкімі шыққан болатын. 

Жұмагелдиевке 20 жыл, ал бірге айыпталғандарға — 8 жыл мен 15 жыл 6 айға дейінгі мерзімдер белгіленді. 

Осылайша, Қаңтар оқиғасына қатысы бар деп танылған тағы бір ірі іс бойынша сот нәтижесі белгілі болды.

댓글
기타 기사