Ақ үй маңындағы атыс. Екі сарбаз жарақаттанды

696
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/D4xrnj7LSKsacM9TyDRBfyI2Pkov8AIgMT7vYIlm.jpg

АҚШ-та Ақ үйге жақын орналасқан саябақта атыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Fox News-ке сілтеме жасап.

Оқиға кезінде екі ұлттық гвардия қызметкері ауыр жараланып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Полиция шабуылдың қасақана жасалғанын растады. Патрульде жүрген гвардейлерге күдікті бұрыштан шығып, оқ атқан. Жақын маңдағы өзге қызметкерлер байқап, күдіктіні қамауға алған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, шабуыл жасаған — Ауғанстан азаматы Рахманулла Лаканвал. Ол 2021 жылы АҚШ-қа кірген. Тергеу шабуылды халықаралық терроризм белгілерімен қарастырып жатыр.

АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі:

— Бұл біздің бүкіл халқымызға қарсы қылмыс болды. Бұл — адамзатқа қарсы қылмыс, — деді.

Трамп АҚШ билігі бұрынғы Джо Байден әкімшілігі кезінде Ауғанстаннан елге кірген әрбір адамды тексеруі керек деп мәлімдеп, өзінің алдындағы президентті тағы сынға алды.

Шабуылдан кейін Ақ үй уақытша жабылды.

댓글
기타 기사