Жол апатынан тағы үш адам қаза тапты

765
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/F9bEOm9opclyqTOtyG5LxCH2m195NaQqcYNVtcVU.jpg

Шығыс Қазақстанда үш адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

24 қараша күні Шығыс Қазақстан облысында Омск – Майқапшағай трассасының 877-шақырымында қайғылы жол апаты болды. Облыстық ПД мәліметінше, Chevrolet Onix көлігі мен Howo маркалы жүк көлігі соқтығысқан.

Апат салдарынан Chevrolet Onix жүргізушісі және екі жолаушы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, Алматы-Бішкек тас жолында да апат болып, алты адам қаза тапқаны туралы хабарлаған едік.

댓글
기타 기사