Экс-президент үйқамақтан алынып, абақтыға қамалды

731
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qDHOYVSFpcxaLnDAaQAgEg0O78OubR4ZkwQLapc4.webp

Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонару қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Globo басылымына сілтеп.

Мәліметке сәйкес, Болсонару сенбі күні федералдық полицияның сұрауы бойынша сот ордерін орындау аясында тұтқындалған. Ол 4 тамыздан бері үйқамақта болған.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, бұл шара экс-президенттің ұлы, сенатор Флавио Болсонару жұма күні әкесін қолдауға арналған акция өткізуге шақырғаннан кейін қабылданған.

Еске сала кетсек, Бразилияның Жоғарғы соты биыл қыркүйек айының басында 70 жастағы Жаир Болсонаруды мемлекеттік төңкеріс жасауға бағытталған қастандық ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танып, 27 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Бұл – ел тарихында бұрынғы президенттің демократияға қарсы қылмыс жасағаны үшін сотталуы бойынша алғашқы оқиға.

댓글
기타 기사