Әуе шоуы кезінде әскери ұшақ апатқа ұшырады

420
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kOfWeoPIwGmbcbuwY3GcbG99SQNOsx5LRM5946QV.avif

Дубайда өтіп жатқан халықаралық әуе шоуы кезінде Үндістанның Tejas жеңіл жойғыш ұшағы демонстрациялық ұшу барысында құлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА-ға сілтеп.

Куәгерлер түсірген видеоларда ұшақ биіктігін жоғалтып, жерге соғылған сәттен кейін үлкен жарылыс болғаны көрінеді. Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда ұшқыш катапульт жасамағаны байқалады.

Оқиғаға байланысты шоу ұйымдастырушылары барлық ұшуларды уақытша тоқтатты.

Үндістан әскери-әуе күштері ұшақтың құлағанын растады. Ұшқыш оқиға орнында қаза тапты.

Tejas — Үндістанда жасалған жеңіл жойғыш ұшақ, оны елдің авиациялық-ғылыми компаниялары әзірлеген. Соңғы жылдары ұшақ халықаралық авиашоуларда жиі таныстырылып жүр.

댓글
기타 기사