Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев билік басында болған жылдардағы демократия көрсеткіштерін жариялап, халықаралық деректерді алға тартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қырғызстанның төртінші президенті Алмазбек Атамбаев әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің билік кезеңінде «диктатура» мен «тирания» болған деген айыптауларға жауап берді.
Жазбасында 2010–2017 жылдар аралығындағы халықаралық рейтингтерге сүйене отырып, бұл кезеңде Қырғызстанда демократияландыру көрсеткіштері тұрақты түрде өскені көрсетілді. Атамбаевтің айтуынша, дәл осы жылдары Социал-демократиялық партия мен оның басшылығымен елде демократиялық институттардың дамуы байқалған.
"Дәл осы жылдары елді Социал-демократиялық партия мен президент Алмазбек Атамбаев басқарған кезде демократияландыру көрсеткіштерінің біртіндеп өскені байқалды.
Бұл жағдайды Reporters Without Borders, Freedom House, Transparency International, Economist Intelligence Unit және Democracy Index сияқты беделді ұйымдардың бағалаулары растайды", - деп жазды экс-президент.
Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанның қазіргі президенті мен бұрынғы президенттің шарпысып қалғаны туралы жазған едік.