Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинді 2026 жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Сізді келесі жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырамын», – деді Тоқаев Ресей Президентімен өткен келіссөз барысында.
Айта кетейік, Тоқаев сейсенбіде Мәскеуге барған болатын. Сол күні кешке мемлекет басшылары Кремльде бейресми кешкі ас үстінде жеке кездесу өткізді.