Киберспортшы халықаралық турнирде топ жарып, қомақты қаржы ұтып алды

978
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kvZz4yhaoHvnNLUtKu431MXXBOwOMIRULtft4ilw.png

Қазақстандық 20 жастағы киберспортшы Данил Голубенко Қытайда өткен халықаралық IEM Chengdu турнирінде топ жарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Спортшы 1 миллион АҚШ долларын (524 миллион теңге) жеңіп алды.

Жарыс барысында Данил жоғары шеберлігін көрсетіп, турнирдің ең үздік ойыншысы (MVP) атанды. Бұл оның кәсіби мансабындағы ірі жетістіктерінің бірі саналады.

Айта кетейік, бұған дейін, қыркүйек айында өткен Fissure Playground 2 турнирінде де Голубенко чемпион атанып, үздік ойыншы атағын жеңіп алған еді.

댓글
기타 기사