Бүгін, 9 қараша Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы балалар үйінің асханасынан өрт шыққан, деп хабарлайды “Адырна”.
«9 қараша күні сағат 15:48-ден бастап құтқарушылар Наурызбай ауданындағы Алтын Орда көшесінде орналасқан ғимараттағы өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Карта бойынша бұл жерде «Перзент» қайырымдылық балалар үйі орналасқан.
Тәрбиеленушілер мен қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланып, қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт асхана мен оған іргелес 3 қабатты ғимараттың шатырын шарпыған. Өрттің аумағы нақтылануда, шатырды ашу арқылы сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазірге өрттің шығу себебі белгісіз.