Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы өмірден өтті

632
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AVkMEwuQvr9YZN1VvtXCvSqgIhBqgZ7WTrwsoT8t.jpg

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев 52 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол «Жеңіс», «Оқжетпес», «Тобыл» және «Ақтөбе» клубтарының намысын қорғаған. «Ақтөбе» сапында екі мәрте Қазақстан чемпионы және ел кубогының иегері атанған. 2005 жылы Морев елдің ең үздік қақпашысы болып танылған.

Ұлттық құрамада екі ойын өткізген спортшы алғашқы кездесуінде Түркия құрамасына қарсы матчта пенальти соққысын қайтарған.

Қазақстан футбол федерациясы Андрей Моревтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның есімі қазақстандық футбол тарихында мәңгі сақталатынын жеткізді.

댓글
기타 기사