Орталық Азия – АҚШ саммиті алдында. Тоқаев Трампқа хат жолдады

1298
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2In3cByYKkhowYSG4fpfGxhP5f78pQAK9pTV6mCj.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қараша күні Вашингтонда өтетін Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін президент Дональд Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Мемлекет басшысы аталған бастама дер кезінде көтеріліп отыр деп санайды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі мақсаттарын, атап айтқанда, ақыл-парасатқа негізделген дәстүрлі құндылықтарға беріктігін, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға ұмтылысын қолдайды», - деп жазылған хабарламада.

댓글
기타 기사