Моңғолия соты премьер-министрді қызметінен босатуды Конституцияға қайшы деп таныды

1354
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cNu5cwjmU4eHePM6WCRgpCo5aHCm8nsujYFxC2e1.webp

Моңғолияның Конституциялық соты  Ұлы Мемлекеттік Хуралдың 2025 жылғы 17 қазанда қабылдаған №95 қаулысы ел Конституциясына қайшы екенін мәлімдеді, деп хвбарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

22 қазанда өткен отырыста сот парламент төрағасының орынбасары Хурэлбаатар Булгантуяаның әрекеттері мен премьер-министрді қызметінен босату туралы қаулының заңдылығын қарады. Нәтижесінде, Булгантуяа ханымның Ұлы Мемлекеттік Хуралдың жалпы отырысына төрағалық етуі кезінде Конституцияның 1.2 және 43.1-баптары бұзылғаны анықталды.

Аталған баптарда мемлекеттік биліктің басты мақсаты — демократия мен заң үстемдігін қамтамасыз ету екені және премьер-министрдің отставкасына байланысты мәселе үш күн ішінде қаралып, он күн ішінде шешілуі тиіс екені жазылған.

Конституциялық соттың шешімінде Ұлы Мемлекеттік Хуралдың премьер-министрді қызметінен босату туралы №95 қаулысы Конституцияның 1.2, 43.1 және 70.1-баптарына қайшы келетіні атап өтілді. 70.1-бапқа сәйкес, мемлекеттік органдардың барлық заңдары мен шешімдері, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың қызметі Конституцияға толық сәйкес болуы қажет.

Бұған дейін, Моңғолияның парламенттік отырысында премьер-министр Гомбожавын Занданшатарының отставкасы туралы ұсыныс қаралып, тиісті қаулы қабылданғаны туралы жазған едік.

댓글
기타 기사