Полицейлер ЖИ көмегімен құқық бұзушыларды анықтаған

670
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/62ln4CWnDPeOD1bRDXeM9oUl230KjypJfCd6GqSt.webp

Қостанайда полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды анықтау үшін жасанды интеллект элементтері бар камералармен жұмыс істей бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеп.

Жүйе интеллектуалды бейнеаналитика арқылы оқиғаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Қарағанды қаласында осындай 60 камера жұмыс істейді. Олар адамдар көп жиналатын орындарға орнатылған.

Жүйе азаматтардың жүзін танып, агрессивті мінез-құлықты, адамдардың шамадан тыс жиналуын және өзге де күмәнді жағдайларды автоматты түрде тіркейді. Қажет болған жағдайда камералар жедел қызметтерге бірден дабыл жібереді. Бұл туралы облыстық ПД бастығы мәлімдеді.

«Жыл басынан бері бейнеаналитика жүйесінің көмегімен 49 құқық бұзушы анықталып, ұсталды», – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Неғмет Исмағұлов.

Ұсталғандардың арасында пробациялық бақылауда жүрген және сот шешіміне қарамастан Павлодар облысынан кеткен ер адам, сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген Қостанай облысының тұрғыны бар.

댓글
기타 기사