"Газа секторындағы дипломатиялық жеңіс". Тоқаев Трампты құттықтады

1356
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fwYVCGMXCiyEE8MGch2Ct5JCB40IWcgL76tcdYOw.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампты Газа секторында көптен күткен бейбітшілікті орнатудағы елеулі дипломатиялық жеңісімен құттықтады., деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Президенттің айтуынша, Дональд Трамп бұл үдерісте саяси ерік-жігері мен табандылығын, сондай-ақ халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға деген шынайы ұмтылысын айқын көрсетті.

Тоқаев Трамптың арағайындық рөлін жоғары бағалап, бұл тарихи шешімнің Таяу Шығыста тұрақтылық пен өзара сенім орнатуға жол ашатынын атап өтті.

댓글
기타 기사