Газа секторындағы соңғы израильдік тұтқындар азат етілді

1324
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gCwhF9XDf1IZEWpyJtvQh93Neg6qogtPcOmI7MVU.jpg

ХАМАС екі жылдан астам уақыт бойы Газада тұтқында болған соңғы израильдік тірі тұтқындарды босатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы BBC-ге сілтеме жасап.

Бұл - 2023 жылғы қазанда Израильге жасалған шабуылдан кейін басталған соғысты тоқтатуға жол ашатын бейбіт келісімнің басты тармағы саналады.

Тұтқындарды босату екі кезеңмен өтті. Алдымен Қызыл Крест өкілдеріне жеті адам, кейін тағы он үш адам тапсырылды. Бұған жауап ретінде Израиль түрмелерінен шамамен екі мың палестиналық босатылды.

Алғашқы жеті тұтқын таңертең сағат 8 шамасында Газа қаласында Қызыл Крест өкілдеріне берілді.

Олардың есімдері Тель-Авивтегі “Тұтқындар алаңында” жария етілген сәтте мыңдаған израильдіктер қуана қол шапалақтап қарсы алды.

«Жеті тұтқын Израиль қорғаныс армиясы мен ШАБАК әскери қызметкерлерімен Газа секторында кездесті, қазір олар Израиль аумағына бет алды», — деп таңертең Израиль қорғаныс армиясы хабарлады.

Кейінірек ЦАХАЛ өкілдері алғашқы босатылған тұтқындардың Израиль аумағына келгенін, енді олардың алғашқы медициналық тексеруден өтетінін мәлімдеді.

댓글
기타 기사