“Қайратқа” көлік сыйлаған. Тұрсын сөзінде тұрды ма?

1551
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cBAUQaNzpbB6oDPys2cZcHfxK8ju8OfVhaN8tLOD.jpg

Продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Instagram парақшасында күйеуі, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтың “Қайрат” футбол клубына екі жаңа шағын автобус сыйлағанын жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Айта кетейік, бұған дейін Алагөзов “Қайрат” “Реал Мадридті” жеңсе, әр футболшыға бір шетелдік көліктен сыйлайтынын уәде еткен болатын. Матч сенсациямен аяқталмағанымен, кәсіпкер уәдесін басқа жолмен орындап, клубты іспен қолдауды жөн көрген.

Әлеуметтік желіде бұл сыйлық қызу талқылануда: бірі “нағыз клубқа деген сүйіспеншілік осылай көрінеді” десе, енді бірі “жақсылық жасау үшін міндетті түрде көлік уәде етудің қажеті жоқ” деп пікір білдірген.

댓글
기타 기사