Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке "Торғай - Ырғыз" және батыс бағытындағы басқа да автожолдар құрылысын жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды "Адырна".
"Президент үкіметке "Торғай - Ырғыз" және батыс бағытындағы басқа да автокөлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, жақында президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қостанай облысына жұмыс сапарымен баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді. Президент Жолдауда Қостанай облысын арнайы атап өтіп, Торғай жеріне баса назар аудару керек екенін айтты. Мемлекет басшысы Арқалыққа биыл міндетті түрде баратынын және кезінде берген уәдесін орындайтын кез келгенін жеткізді.