Алматыда ІІМ курсанттарының Ант қабылдау рәсімі өтті

1456
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UdrEKFnVmLm3wGYFMU8R5G1lep4I6fQVfOaiF71o.jpg

Бүгін Алматы қаласында, 28 панфиловшы саябағында М. Есболатов атындағы Алматыакадемиясының бірінші курс курсанттары Ант қабылдау рәсімін салтанатты түрде өткізді.

Биылғы шара ерекше форматта ұйымдастырылып, бір мезетте екі айтулы датаға арналды – Республика күніне 35 жыл және Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. Өтетін орын да символдық мәнге ие: Панфиловшылар саябағы – тарих пен тағзымға толы қасиетті мекен, ұрпақтар сабақтастығын сезіндіретін, отансүйгіштік рухындарытатын орын.

Салтанатқа ішкі істер органдарының ардагерлері, құрметті қонақтар, ІІМ басшылығы, курсанттардың ата-аналары және Гонконг полиция академиясынан арнайы делегация қатысты.

«Бүгін біздің жас курсанттар өміріндегі ең алғашқы әрі маңызды қадамды жасап отыроларАнт қабылдады. Халыққа адал қызмет етуге, заңдықастерлеуге және офицер абыройын сақтауға сертберді. Бұл оқиғаның дәл осы жылы, осы жерде өтуі біз үшін аса маңызды. Республика күні мен Жеңіс мерейтойы – тәуелсіздіктің бағасын, Отанға қызмет етудің үлкен жауапкершілік екенін еске салады», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы, полиция полковнигі Қалижан Қобландин.

Ата-аналар үшін де бұл күн ерекше толқыныс пен мақтанышқа толы сәт болды.

«Бұл күнді біз көп күттік. Біз үшін бұл балаларымыздың есейіп, маңызды шешімқабылдағанының айғағы. Енді олар елге қызмет етуге дайын. Бүгін оларды жинақы, сымбатты, өзіне сенімді көріп, жүрегімізді мақтаныш сезімікернейді», – деді ата-аналардың бірі.

Жас курсанттар бұл күнге ұзақ дайындалды. Бүгін олар сап түзеп, парадтық киімде, жинақы да тәртіпті болып, Академия қатарын толықтырып, офицерлік жолға алғашқы қадам басты.

Естеріңізге салсақ, биыл ІІМ Алматыакадемиясының қатарына 300 жас қабылданды. Бүгін олар Отанға адал болуға ант беріп, салтанатты түрде курсант атанды.

댓글
기타 기사