Астанада алғашқы LRT пойызы сынақ режимінде жылжи бастады

731
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xHG5UwacaSYFKYQSWbQXon5y1PaSSJxupK3EanlE.jpg

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәжіліс кулуарында LRT қашан іске қосылатынын және вагондарды сынақтан өткізу мерзімі қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

"Алғашқы пойыз келесі аптада, 29 немесе 30-да іске қосылады деп күтіп отырмыз, мысалы, Әбу-Даби станциясынан Мәңгілік ел арқылы көпірге қарай. Әрі қарай күн сайын жұмыс уақытын, станциялар санын және пойыздарды көбейте береміз. Бір аптадан кейін вагондар бір-екі станция аралығында сынақ режимінде жүреді", - деді Жеңіс Қасымбек.

Әкімнің айтуынша, сынақтан өткізу мерзімі 3 айдан 6 айға дейін созылады.

"Қосымша сегіз пойыз қазан айында келеді, ал 18 құрамның бәрі желтоқсанға дейін жұмыс істей бастайды. Біздің жоспарымыз бойынша барлық вагон келесі жылдың басына дейін пайдалануға беріледі. Желтоқсанның аяғына дейін немесе қаңтардың басы мен ортасына дейін барлық құрам сынақ режимінде жүреді деп күтеміз. Болжам бойынша жол жүру ақысы 200 теңге", - дейді ол.

Дегенмен, бүгін LRT-ның сынақ режимінде жүріп бара жатқанын қала тұрғындары байқап қалған.

댓글
기타 기사