Қостанай облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды

741
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bvZRZOH1Nl1puvpBoZxHRDd0JuoGdj8x9YhS1hyW.webp

Әлия Бекмағамбетова Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы 17 қыркүйекте облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қостанай облысы әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Әлия Молдабайқызы Бекмағамбетова Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды»,—делінген хабарламада.

Әлия Молдабайқызы 1979 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.

Қостанай гуманитарлық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша, сондай-ақ А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетін «Құқық бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Әлия Молдабайқызы 2000 жылы тарих пәнінің мұғалімі әрі оқу бөлімінің меңгерушісі қызметінен бастаған.

2009–2022 жылдар аралығында Сарыкөл аудандық әкімдігінде бірқатар басшылық лауазымда қызмет атқарды: мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары.

2022–2023 жылдары Қостанай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімін басқарған.

2023 жылғы мамыр айынан 2025 жылғы қыркүйек айына дейін Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болды.

«Адырна» ұлттық порталы Әлия Молдабайқызын жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді!

댓글
기타 기사