15 қыркүйек күні таңертең Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Қазақстандық ұлттық деректер орталығы мәлімдеген.
Сейсмологтардың дерегінше, дүмпу астана уақытымен сағат 08:41-де болған.
Жер сілкінісінің эпицентрі 41.28° солтүстік ендік пен 52.76° шығыс бойлықта орналасқан. Оның магнитудасы 4.4, ал энергетикалық класы 9.6 деңгейінде анықталған.
Зардаптар мен қирандылар туралы ақпарат түспеген.