Жапония әуежайында ұшақ шұғыл қонып, бес адам жарақат алды

646
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/14xQPqRe12lTbY9csu7eanYUPavQLDiI6NJEMseE.jpg

Токиодағы Нарита әуежайынан Филиппинге бағыт алған United Airlines әуе компаниясының ұшағы Жапонияның Кансай әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Report агенттігінің жазуынша, бес адам жеңіл жарақат алған.

Әуе кемесі 10 мың метр биіктікте, Вакаяма префектурасы жағалауынан 200 км қашықтықта болған кезде жүк бөлігінде өрт шығуы мүмкін деген дабыл іске қосылған. Экипаж дереу Кансай әуежайына қону туралы шешім қабылдаған.

Әуе кемесі сәтті түрде шұғыл қонып, борттағы шамамен 150 жолаушы авариялық үрлемелі траптар арқылы эвакуацияланды. Сол кезде бес адам жарақат алды.

Оқиғаға байланысты Жапониядағы ең ірі әуежайлардың бірі уақытша жабылып, кейін әдеттегі режимде жұмысын қайта жалғастырды. Мамандар әуе кемесін тексеру барысында жүк бөлімінен өрттің ешқандай белгісін таппады.

 

댓글
기타 기사