Қазақстандағы алғашқы АЭС атауы қазан айында белгілі болады

1618
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XgcaXIDyVsSsbg8ZszXbb7oTxKVSy2jH9uq2Ko43.webp

Алматы облысы Жамбыл ауданында салынатын АЭС-ке атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурс 17 қазанға дейін өтеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Конкурстық комиссияға 19 қыркүйекке дейін Алматы облысы Жамбыл ауданындағы атом электр станциясына ең үздік атау беруге арналған бүкілхалықтық конкурсты өткізу ережелерін бекіту, сондай-ақ 17 қазанға дейін конкурс өткізіп, АЭС-ке ең үздік атауды анықтау тапсырылсын»,—делінген құжатта.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы АЭС-ке үздік атау табу үшін байқау жариялауды ұсынған еді. 6 қыркүйекте Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі Қазақстанда АЭС атауын таңдау жөніндегі конкурстық комиссияның ережесі мен құрамы бекітілгенін жеткізді.

댓글
기타 기사