«АҚШ-тың геноцидке қатысы бар». Палестинаны қолдаған ардагерлер Сенат тыңдауын үзді

1479
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/t3bpfwv7MgZgNVQPBoQWcuecmY2fU3tDbJuBRtoQ.jpg

Палестинаны қолдайтын екі әскери ардагер Энтони Агилар мен Жозефин Гилбо АҚШ Сенатының сыртқы істер жөніндегі комитетінің отырысын бөліп, наразылық білдіргеннен кейін қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна".

Ардагерлер АҚШ үкіметін, Сенатты және Конгрессті Газа секторындағы палестиналықтарға қарсы жасалып жатқан геноцидке тікелей қатысы бар деп айыптады. Олардың айтуынша, әрбір америкалық салық төлеуші бұл геноцидке қаржылай үлес қосып отыр.

Наразылық кезінде белсенділер:

 «АҚШ-тың геноцидке қатысы бар!» деп ұрандатқан.

Сонымен қатар, олар Израильге берілетін әскери және қаржылық қолдауды тоқтатуға шақырды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, наразылық білдірушілер тәртіпті бұзғаны үшін қамауға алынды.

댓글
기타 기사