Трамп Путинмен жақын арада сөйлесетінін мәлімдеді

1687
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vlxtSL7t7gtuABhZUG0NN7ZzRTFmitCoeLZgQdC7.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ол бүгін Ақ үйде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

Ал осыған байланысты Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Кремльде Ресей мен АҚШ президенттері арасындағы телефон арқылы сөйлесуді ұйымдастыруға қатысты әзірге нақты жоспар жоқ. Дегенмен, мұндай әңгіме «жылдам ұйымдастырылуы мүмкін», – деп хабарлады “Интерфакс”

Бұған дейін Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен және «қалаушылар коалициясының» өкілдерімен телефон арқылы сөйлескен болатын. Бұл келіссөздер Зеленскийдің Парижге сапары кезінде өтті. Онда Киевке қауіпсіздік кепілдіктері мәселесі талқыланды.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Трамп еуропалық көшбасшылармен бір сағатқа созылған әңгіме барысында оларды Ресей мұнайын сатып алуды тоқтатуға және Ресейдің Украинадағы соғысына қаржылай қолдау көрсетіп отырған Қытайға экономикалық қысым жасауға шақырған.

Владимир Зеленскийдің айтуынша, «қалаушылар коалициясының» өкілдері Украинаға арналған қауіпсіздік кепілдіктерінің жалпы шеңбері бойынша келісімге келген. Ол қауіпсіздік саласында басты рөлді Украина Қарулы күштері (ҚКУ) атқаратынын нақтылады. Сонымен қатар, 4 қыркүйекте Парижде өткен кездесуге қатысушылар Ресейдің Украинаға қарсы соғысты тоқтатуға бағытталған кез келген бейбіт бастаманы қабылдамай отырғанын атап өтті.

Франция президенті Эммануэль Макрон өз кезегінде Украинада атыс тоқтағаннан кейін бейбітшілік миссиясына қатысуға 26 ел ниет білдіріп отырғанын айтты.

«Бұл елдер Украинаға өз әскери контингентін жіберуге немесе теңіз бен әуе қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстар бөлуге ресми түрде келісім берген», – деп түсіндірді Макрон.

댓글
기타 기사