Ақтөбеде полиция 31 жастағы Қаракесек лақап атымен танымал рэп-орындаушыны ұстады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Полицияның мәліметінше, ол ұсталған сәтте рөлде болған. Жеке тінту барысында одан ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет табылып, сараптама нәтижесінде оның синтетикалық есірткі екені анықталды.
“Медициналық сараптама жүргізу кезінде азаматтың есірткілік мас күйінде болғаны дәлелденді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан бөлек, ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды”, – делінген департамент хабарламасында.